Кітапхана туралы





Оралхан Бөкей атындағы кітапханада
«Кітапхана — қарттар зияткерлік даму орталығы» жобасы аясында мазмұнды әрі шабытты сабақ өтті.
Бұл — цифрлық сурет салу бойынша кіріспе курс. Қатысушылар графикалық планшетте жұмыс істеп, өздерін дизайнер әрі суретші ретінде сынап көрді. Көпшілігі үшін бұл цифрлық өнермен алғашқы таныстық болды.
Сабақ барысында MediBang Paint бағдарламасының интерфейсімен танысып, құралдарымен, қабаттар жүйесімен, сызық және түспен жұмыс істеу тәсілдерін меңгердік. Алғашқы тәжірибелік жұмыстар бірден орындалды. Нәтиже қуантты: батыл бояулар, сенімді штрихтар және үлкен қызығушылық.
Ең бастысы — қатысушылардың технологиядан қорықпай, жаңа мүмкіндіктерді сеніммен игергені. Бұл тағы да бір шындықты дәлелдейді: жас — шығармашылыққа кедергі емес.
Егер сіз:
— цифрлық сурет салуды үйренгіңіз келсе;
— бар дағдыңызды жетілдіргіңіз келсе;
— заманауи өнер құралдарын меңгергіңіз келсе —
біздің курстарға қосылыңыз!
Тіркелу жолдары:
• сайт: bokeylibrary.kz
• мобильді қосымша: Bokey Mobile
• телефон: +7 747 212 83 31
📍 Мекенжайы: Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Жаңа мүмкіндіктер — кітапханада.