news
АНТЫНА АДАЛ БОЛҒАНДАР

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 37 жыл толуына орай кітапханамызда еске алу шарасы өткізілді.

Кездесуге Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының студенттері, ТЖМ оқу орталығының курсанттары және басқа да оқу орындары мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің өкілдерімен «Заң және Тәртіп» атты кездесу ұйымдастырылып,  әскери борышын жат жерде абыроймен өтеп, Антына адал болған қаһарман сарбаздардың ерлігіне тағзым етілді.

«Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі департаменті» басшысының орынбасары, полковник К.Е. Ахметов және «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы» ҚБ  төрағасы О.Г.Фролов сөз сөйлеп, он жылға жуық созылған отты жылдар туралы ой сабақтады.

Осыдан кейін, Ауған соғысы  туралы деректі фильмдер көрсетілді.

 «Антына адал болғандар» атты көрме-экспозицияда өмір мен өлім белдескен отты жылдар туралы ақпарат-деректер ұсынылды.

Өз кезегінде  кітапхана мамандары  рухани ордамыздың заманауи жоба нәтижелері және құнды қорларымен таныстырды. 

Кітапхана қызметкері Бақытжан Торғаев жүргізген іс-шара Антына адал болған  азаматтарды ұрпаққа үлгі еткен патриоттық рухта өтті.

Тарихымыздың бір парағы – Ауған соғысын   есте сақтау және жас ұрпаққа жеткізу – парызымыз.

Жаңалықтар
Контактілер