Кітапхана туралы








Кітапханада аға буын өкілдеріне арналған жасанды интеллект бойынша курстар сәтті өтіп жатыр. Сабақтар үлкен қызығушылық тудырып, заманауи технологиялардың кез келген жаста қолжетімді әрі түсінікті екенін көрсетті.
Оқу барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен тәжірибе жүзінде танысты. Олар ескі отбасылық фотосуреттерді қалпына келтіріп, заломдар мен ұсақ кемшіліктерді жойып, суреттердің сапасын жақсартты. Көпшілік үшін бұл өткен күндердің естеліктерін қайта жаңғыртудың ерекше сәті болды.
Сонымен қатар курстардың қызықты бөлігінің бірі — жасанды интеллект көмегімен музыка жасау. Қатысушылар әуендер құрастырып, түрлі дыбыстармен тәжірибе жасап, шығармашылық пен технологияның үйлесімді түрде тоғысатынына көз жеткізді.
Бұл курстар тек білім алуға ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынас орнатуға, шабыт алуға және жаңа мүмкіндіктерді ашуға бағытталған. Жасанды интеллект аға буын өкілдерінің өз күшіне деген сенімін арттырып, цифрлық әлемге бейімделуіне көмектесуде.
📌 Курстарға шақырамыз!
Жасанды интеллект бойынша сабақтар әр апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 10:00-де кітапханада өтеді.
Барша ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!