Кітапхана туралы









Бүгін кітапханамызда қазақ поэзиясының заңғар ақыны, жүрек жыршысы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Сөзімді Сізге қалдырдым...» атты поэзия кеші өтті.
Рухани шарада Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектептің оқушылары деректі фильмдер көріп, ақынның тағдырлы ғұмыры және әдеби мұрасы туралы тың деректермен танысты.
Жүрекке жетіп, жандүниені тербейтін өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын сөзіне жазылған әсерлі әндерді шырқады.
Тағылымы мол кеш жас өрендерге поэзияның сырлы әлемін сезіндіріп, ұлы ақынның мол мұрасына деген құрметті арттыра түскендей...
Ал сіз Мұқағали Мақатаевтың қай өлеңін сүйіп оқисыз?
Пікір жазып, сүйіп оқитын өлеңді бізбен бөлісіңіз!
Кітапханамызға келіп, ақиық Ақынның өлеңдер жинақтарын алып, жыр әлеміне бірге саяхаттауға шақырамыз!
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22