Кітапхана туралы














Бүгін Өскемен қаласындағы балалар үйі мен Балалар ауылынан келген бүлдіршіндер біздің кітапханамызда қонақта болды 📚
Балалар түрлі саладағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи ресурстармен танысты. Ерекше қызығушылық тудырған VR-киіз үйде олар виртуалды кеңістікте өз локацияларын құрастырып көрді.
«Ожившие рисунки» мультстудиясында балалар балықтарды, жануарларды, тіпті динозаврларды «тірілтсе», ал «Осьминог» мультстудиясында өз қиялдарынан туған сюжет бойынша мультфильм ойлап тауып, оны өздері жасап шықты 🎬
Сонымен қатар қонақтар жасанды интеллект негіздері бойынша сабаққа қатысып, ИИ мүмкіндіктерімен танысты және өз идеяларын болашақтың цифрлық контентіне айналдыра отырып, бейнежазбалар генерациялауды үйренді 🤖✨
«ТехноSheber» шеберханасы қатысушыларды 3D-модельдеу әлеміне жетелеп, түрлі пішіндер жасау арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін арттырды. Сабақтар танымдық, креативті әрі өте қызықты өтті!
📖 Оралхан Бөкей атындағы кітапхана білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және жаңа көкжиектерді ашуға ұмтылатын балалар мен жасөспірімдер үшін әрдайым ашық.
Баршаңызды кітапханаға жаңа білім мен шабыт алуға қуана шақырамыз!