news
ҒЫЛЫМПАЗ  ҒЫЛЫМХАЛ  КЕЛДІ!

Біздің әр шарадағы мақсатымыз – Ұлттық Құндылықтарды Жастар санасына сіңіріп, арман шамшырағын жағу.

Ғылымхал Манаймен  сырлы сұқбат  Балалар  мен Қауымды  баурап алғаны сонша, қояр сауалдары да таусылмады.

Ғалымның  әр рухты әңгімесіне қол шапалақтап, «қолдарын ауыртты».

Осындай саналы шәкірттері үшін  Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының  Ұжымына алғыс айтамыз!

Ғылымхал   Манай Имам-Ағзамұлы  рухани сырласуда Ана Тілімізді аялады.

Ғылым туралы тереңінен тарқатты.  Салт-Дәстүр даналығын дәріптеді.

Өзі  ілім іздеп барған туысқан Түркия тағлымы туралы әңгіме өрбітті. 

Осылайша, Ұлттық Құндылықтарымызды  ұлықтады.

Әлбетте, Кітаптың құдіреті деген осы!

Бүлдіршін кезінен бастап Кітапты бауырына басқан Ғылымхал  бүгінгі таңда  ғалым, филология ғылымының PhD докторанты, этнограф, ақындығы, әншілігі  тағы бар. Айтар ойлары дөп өнегесі көп!

Ана Тілімді дамытсам деп, Тіл ғылымына ден қойған.

Кезінде талай көркемсөз байқауларында Байрағы желбіреп, Жүйірік атанған!

Қазақ Радиосында қызмет етіп,  «алтын дауысымен»  Ана Тілімізді асқақтатқан Ғылымхал!

Келешекте Қазақ Құндылықтарын  жаһан жұртына паш етер  талай құнды Кітаптар  жазатынына  бек сенеміз!

Міне,  Ғылымхал Манайдың салиқалы сұқбатына тәнті болып, түйіндеген ойымыз осы.

Қазақияны осындай Жастар өркендетеді!

Хабарласыңыздар! Қуанамыз!

 8 (7232) 25-17-70

 +7 747 212 83 31

 +7 707 494 98 83

Келіңіздер! Қарсы аламыз!

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22

Көріңіздер! Жазылыңыздар!

Жаңалықтар
Контактілер