news
«Балалар кітап клубы»: бірге оқимыз, бірге талқылаймыз, бірге дамимыз!

Бүгін Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушылары біздің «Дауыстап оқиық» балалар кітап клубына келді. Балалар қазақ халық ертегісін кезектесіп оқып, бір-бірімен ой бөлісті, пікір алмасты және қызық сұрақтарға жауап берді.

Кітаппен ерте танысу — баланың ой-өрісін кеңейтудің, тілін дамытудың, қиялын баулудың тамаша жолы. Үйде, мектепте немесе кітапханада бірге оқылған әрбір кітап бала жүрегіне білімге деген сүйіспеншіліктің дәнін салады.

Бүгін балалар:
📖 кезектесіп дауыстап оқыды
👂 бір-бірін тыңдап, талқылады
сұрақ қойып, жауап беруге үйренді
🏠📚 ұнатқан кітаптарын үйге оқуға алды

Бізге қосылып, кітап әлемін бірге ашайық!

📍 Мекенжай: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
📞 Байланыс:
+7 747 212 83 31
+7 7232 25 17 70

Жаңалықтар
Контактілер