Кітапхана туралы




Оралхан Бөкей атындағы кітапхана-да «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясындағы «Жасампаздық пен жаңашылдық айы» шеңберінде Қазақстанның көрнекті ғалымы – Қаныш Сәтбаевқа арналған тағылымды іс-шара өтті.
18 ақпан күні бізге КММ «№30 жалпы білім беретін мектептің» 9-сынып оқушылары келді. Оқушылар үшін тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда олар әйгілі ғалымның өмірі мен ғылыми жетістіктерімен танысып, геология мен минералогия саласында жаңа көкжиектер ашқан экспедициялары мен зерттеулері туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның ерекше сәті – Қаныш Сәтбаевтың жетекшілігімен әзірленген металлогендік және болжамдық карталар бойынша өткен шеберлік сабағы болды. Оқушылар ұлы ғалымның ғылыми тәсілдерін өздері қолданып көріп, идеядан болашақ технологиялардың қалай туындайтынын сезінді.
Шара ғылыми жаңалықтардың жас ұрпақты білім іздеуге және инновация жасауға шабыттандыратынын айқын көрсетті.