Кітапхана туралы























Бүгін кітапханамыздың төрі мектеп оқушыларының сыңғырлаған күлкісі мен жарқын жүздеріне толды.
Жас оқырмандар кітапхана қызметімен танысып, оқу залдарын аралап, кітап қоры мен заманауи мүмкіндіктер жайында мағлұмат алды. Кездесу барысында әдебиет залына жиналған оқушылар үшін “Мұқағали жырлары – ұлттық рух пен елге сүйіспеншіліктің айнасы” атты тағылымды тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатында ақын өлеңдеріндегі отансүйгіштік сезім, туған жерге деген перзенттік махаббат, ел мен жердің қадір-қасиеті туралы мазмұнды ойлар қозғалды.
Мұқағали поэзиясындағы шынайылық пен терең сезім, ұлттық болмысты айқындайтын рухани құндылықтар оқушылардың жүрегіне жол тапты. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, әдебиетке деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Кітапхана – білім мен тәрбиенің алтын көпірі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеген мазмұнды шара көптің көңілінен шықты.