Кітапхана туралы






















Өскемендегі мемлекеттік қызметкерлер академиясы бөлімшесінің тыңдаушылары кітапханамызда арнайы бағдарлама бойынша дәріс алды. Шара барысында қызметкерлер жүзеге асырылып жатқан заманауи жобалармен танысып, кітапхана - білім мен технология үйлескен жаңашыл руханият орталығы екеніндігіне көз жеткізді.
Келесі кезекте, кітап ордасының ІТ мамандары Жасанды Интеллектіні тиімді пайдалану жолдарын үйрету бағытындағы іс-тәжірибелік сабақ өткізді.
Қатысушылар ChatGPT, Grok, Perplexity нейрожүйелері бойынша мәтін әзірлеу, талдау, сурет және бейне жасау, идея қалыптастыру, сілтемелер мен ғылыми материалдарды іздеу, электронды кітаптарды пайдалануды үйренді.
Сонымен қатар, олар, құжат дайындау, талдау жүргізу және ақпарат іздеу үдерістерінде Жасанды Интеллект бағдарламаларын пайдаланудың тиімділігін зерделеді.
Кітапхана мекенжайы: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22