Кітапхана туралы















Наурызнама онкүндігі аясында кітапханамызда Мемлекеттік қызмет академиясының Өскемендегі бөлімшесінің тыңдаушылары үшін ерекше дәріс өткізілді.
Қатысушылар ата-бабамыздан мұра боп жеткен сан ғасырлық салт-дәстүр дәріптелген көркем әдебиетпен танысты. Ұрпаққа ұлағат болар тәрбиелік мән-маңызына терең бойлады.
Осыдан кейін, Наурыз мейрамына арналған кітаптар шашуын тамашалап, жаңашыл жобалармен және заманауи техникалар тілімен танысты.
Өз кезегінде, кітап ордасының ІТ мамандары мемлекеттік қызметкерлерге Жасанды Интеллекті қызмет барысында пайдалану жолдарын үйрету бағытындағы іс-тәжірибелік сабақ өткізді.
Кітапхана мекенжайы: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22