Кітапхана туралы






Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп оқушылары үшін ерекше күн болды. «Мұзтау» әдеби клубының кезекті отырысы аясында «Қазақтың дархан дастарқаны» атты бірегей кітап талқыланды. Отырыс барысында оқушылар: Қазақ ұлттық тағамдарының шығу тарихымен танысты, Дәстүрлі ас мәзіріндегі бұрын-соңды естімеген тың деректерді білді, Кітаптағы құнды мәліметтерді өзара талдап, ой бөлісті. Ұлттық кодты дәріптейтін мұндай шаралар жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастырады. Асымыз берекелі, танымымыз терең болсын!