news
Наурызнама 2026: ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні Оралхан Бөкей кітапханасында өз деңгейінде аталып өтілуде.
Кітап ордасына қазақ халқының ойындарын шынайы және виртуалды ойнауға жүздеген оқырмандарымыз келді. Нағыз асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, ләңгі ойындарын барлығы қызығушылықпен ойнады.
3D құрылғысында жасалған жалған асықтар да сүйектен кем түспеді! Кітапхананың IT саласының қызметкерлері жасаған виртуалды асық ойыны жасөспірімдердің асқан қызығушылығын танытты.
Әр күнгі іс-шараларды жүзеге асыру барысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект әлеуетіне баса назар аударылуда.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметкерлер, өрт сөндіруші-құтқарушылар да қітапханамызға келіп жұмыстан тыс әредікте ұлттық ойындарымызды ойнап, рахатқа бөленді.

Ұлттық салт-дәстүріміздер жайлы көп білгің келсе біздің кітап ордасына келіңіз. Мекен-жайымыз: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Жаңалықтар
Контактілер