news
Тоғызқұмалақ — төрт мың жылдық тарихы бар, халқымыздың ақыл-ойы мен стратегиялық ойлау қабілетін ұштаған ұлттық қазынамыз.

Тоғызқұмалақ — төрт мың жылдық тарихы бар, халқымыздың ақыл-ойы мен стратегиялық ойлау қабілетін ұштаған ұлттық қазынамыз. Кітапханамыздағы «тоғызқұмалақ» үйірмеміз асыл мұраны жас ұрпаққа дәріптеу жолында тұрақты жұмыс істеп келеді.
Наурызнама онкүндігі аясында, 20 наурыз — Ұлттық спорт күніне орай жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан тартысты турнир өтті. Тоғызқұмалақ жарысында бойында зеректігі мен жылдамдығы бар жас зияткерлер өзара бақ сынасып, келесі қатысушылар жеңіс тұғырынан көрінді:
🏆 І орын: Ғалиасқар Жігер (№15 мектеп)
🥈 ІІ орын: Тоқтаров Жалғас (№31 мектеп)
🥉 ІІІ орын: Асанұлы Әлихан (№14 мектеп) және Жақашев Батырхан (№50 мектеп)
Жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
💡 Құрметті ата-аналар мен жас достар!
Кітапхана — тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар балаңыздың тұлғалық дамуына даңғыл жол ашатын шығармашылық орта. Егер балаңыздың логикалық ойлау өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіргенін қаласаңыз, біздің тегін үйірмелеріміздің есігі сіздер үшін әрдайым ашық!
Біздің тегін мүмкіндіктеріміз:

  • 🧠 Тоғызқұмалақ — зияткерлік ойынды тегін үйренуге болады.
  • 🎯 Асық ату — ептілікті шыңдауға көмектеседі, орталығымызға келіп ойнауға болады.
  • 🇰🇿🇬🇧 Тіл курстары — тілді еркін меңгеруге арналған тегін сабақтар жүргізіледі.
    ✨ Балаңыздың болашағына бірге үлес қосайық! Сіздерді қуана қарсы аламыз!
Жаңалықтар
Контактілер